Posted: 23.02.2024
2024 жылғы 15 және 22 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері В.В. Божко, С.П. Левченко және А.В. Топорова ядролық энергетика объектілері мен ластанған аумақтар орналасқан ауданда тұрғындар мен биотаға түсетін дозалық жүктемені болжау саласында тәжірибе алмасу бойынша семинарға қатысты.
Posted: 16.04.2024
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау тобының бастығы Ажар Жумановна Ташековаға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.
Posted: 17.04.2020
«Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында Семей сынақ полигоны (ССП) аумағын зерттеу бойынша бюджеттік және келісімшарттық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде міндеттерді орындау бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізілуде. Картографиялық материалдарды құру және талдау: зерттеу телімдерін анықтау, сынамаларды іріктеп алу тұрақты торшасын құру, іріктеп алынған сынамаларды далалық және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жасанды, сол сияқты табиғи пайда […]
Posted: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Posted: 29.07.2019
2019 жылғы 21-24 мамыр аралығында АҚШ МО URS/АУУ қолдауымен Үлбі металлургия зауыты негізінде АТЭХАГ әзірлеген сценарий бойынша командалық-штабтық оқытулар жүргізілді. Аталған іс-шараға АҚШ, Ресей және Қазақстан мамандары қатысты, «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Захаров Вадим Сергеевич қатысты. Оқытулар ведомстволық бөлімшелер (Ұлттық гвардия, Ұлттық […]
Posted: 10.12.2020
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (ҚР ҰЯО РҚЭИ) филиалының Оқыту-ақпараттандыру орталығында 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша радиациялық қауіпсіздікті және радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мамандары (А тобының персоналы) үшін кезекті онлайн оқыту жүргізілуде. Филиалдың жетекші мамандары арасынан құрылған дәріскерлер құрамы радиациялық бақылау жабдықтары […]
Posted: 26.04.2023
Жапондық Атом Энергетикасы жөніндегі Агенттігінің (JAEA) келісімі бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында 2023 жылғы 17 және 21 сәуір аралығында кәсіпорын жұмыскерлерінің арасынан дәріскерлер мен нұсқаушыларды қамтыған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы іштей форматта өтті. […]
Posted: 21.02.2020
2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер […]