Posted: 16.10.2024
Бүгін Ұлттық ядролық орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXIII конференция-конкурсы өз жұмысын бастады. Биылғы жылы конференция біздің кәсіпорынның бірінші бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғаділет Андиянович Батырбековтың туғанына 90 жыл толуына орайластырылды. Конференцияға Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, Shakarim University (Семей қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ […]
Posted: 14.11.2019
2019 жылғы 7-9 қазан аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК филиалынан конференция жұмысына Шатров А.Н., Кенжина Л.Б., Кривицкий П.Е., Тлеуканова Ж.Е., Актаев М.Р. қатысты. Энергия және ресурстарды сақтау, атомдық өнеркәсіпте цифрлық технологияны қолдану, сирек және сирек жер металдары мен жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің тиімді технологиялары мен ресурстары, уран минералды-шикізатты базасын кеңейту […]
Posted: 02.03.2020
2020 жылғы 26-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС «Калибрлеу/тексеру және сынақ зертханаларындағы екіұштылықты бағалау жөніндегі практикалық дағдылар» оқыту семинары өтті. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Топорова Анна және Ролланұлы Руслан қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулер екіұштылығын бағалау, оның жіктемелері және […]
Posted: 13.11.2019
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 04.03.2021
Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 07 – 09 Қыркүйек 2021 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК: «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» «Атом энергиясы институты» «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалдарымен «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ «Ядролық физика институты» РМК «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Қазақстанның физикалық […]
Posted: 22.10.2024
2024 жылғы 15-17 қазан аралығында «Еvaluating the Carbon Emission from Forest Soils (ECEFS)» жобасы бойынша FNCA ашық семинары өтті, оған РБЗБ РБЗ зертханасының бастығы Е.Н. Поливкина Қазақстан Республикасынан жоба жетекшісі ретінде қатысты. Семинарда Азияның 9 елінен (Жапония, Филиппин, Вьетнам, Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Бангладеш, Тайланд, Қытай) елдік есептер ұсынылды. Семинарға қатысушылардың назарына доктор Лианагтың Жапония мен […]
Posted: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]