Posted: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Posted: 12.03.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде, Қазақстанда 2018 жылы 6 аймақтық және халықаралық жоба іске асырылуда, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері олардың үйлестірушісі болып табылады: Нысандарды қауіпсіз пайдалану үшін ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық ұйымдарда ықтималдықты өсіру бойынша қызметті күшейту; Адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін сапаны […]
Posted: 02.03.2020
2020 жылғы 26-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС «Калибрлеу/тексеру және сынақ зертханаларындағы екіұштылықты бағалау жөніндегі практикалық дағдылар» оқыту семинары өтті. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Топорова Анна және Ролланұлы Руслан қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулер екіұштылығын бағалау, оның жіктемелері және […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.
Posted: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Posted: 20.04.2019
2019 жылғы 16 және 17 сәуірде ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері А.О. Кенесарина, Ю.А. Шакенова, А.Е. Жиенбекова Нұр-Сұлтан қаласында «Ломоносов – 2019» студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың XV Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты, бұл конференция Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2019» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш […]