Posted: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Posted: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Posted: 06.09.2017
3-5 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасына келулері шеңберінде, Чех Республикасының делегациясы Ұлттық ядролық орталыққа және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына келген еді, делегация құрамына ядролық энергетика саласында жұмыс істейтін ең беделді чех мемлекеттік және жеке мекемелер мен компаниялар өкілдері енген. Бұл Чехиядан ҰЯО келген бірінші ресми делегация еді. Қонақтар Семей Сынақ полигоны мұражайына келіп, қызықты […]
Posted: 22.10.2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығы биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Кенжина Лаура Болатқазықызы тұлғасында НАТО-ның SPS 985684 жобасы аясында 2022 жылғы 9-15 қазан аралығында Португалияның Эшторил қаласында өткен Еуропалық радиациялық қорғау апталығының (ERPW 2022) жұмысына қатысты. Бұл радиациялық қорғаныс, биологиялық дозиметрия, төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету, сәулелену дозасын медициналық және кәсіби бақылау саласындағы […]
Posted: 19.12.2023
15 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жыл сайын ұйымдастыратын «Қазақстанның ядролық әлеуеті» тақырыбында жас мамандарға арналған XIX халықаралық семинар өтті. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Радиоэкология және геофизика мәселелері» секциясына белсенді қатысып, Институт қызметкерлерінің ауызша: Д.Б. Бияхметова «Жіті және созылмалы сәулелену сценарийі кезінде жеке сіңірілген дозаны бағалау үшін биологиялық дозиметрия әдістерін қолдану» тақырыбында […]
Posted: 28.05.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан […]
Posted: 12.03.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде, Қазақстанда 2018 жылы 6 аймақтық және халықаралық жоба іске асырылуда, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері олардың үйлестірушісі болып табылады: Нысандарды қауіпсіз пайдалану үшін ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық ұйымдарда ықтималдықты өсіру бойынша қызметті күшейту; Адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін сапаны […]