Posted: 10.12.2020
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (ҚР ҰЯО РҚЭИ) филиалының Оқыту-ақпараттандыру орталығында 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша радиациялық қауіпсіздікті және радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мамандары (А тобының персоналы) үшін кезекті онлайн оқыту жүргізілуде. Филиалдың жетекші мамандары арасынан құрылған дәріскерлер құрамы радиациялық бақылау жабдықтары […]
Posted: 24.08.2017
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2013 жылдан бастап «Радиоэкология жөніндегі Еуропалық Альянс» халықаралық қауымдастығының мүшесі болып саналады. Альянс қызметі радиоэкологиялық зерттеулер жүргізумен, білім берумен, халықты ағартумен, білімдерді басқарумен, Альянс елдерінің лайықты ұйымдарымен, сонымен қатар, ЕО мекемелерімен және басқа халықаралық ұйымдармен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия, Халықаралық […]
Posted: 07.08.2024
2024 жылдың 29 шілдесі мен 2 тамызы аралығында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы базасында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті жоғарылату курсы өтті. Оқытуға ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының 28 қызметкері қатысты. Оқыту курсының бағдарламасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың құзыреттілігін […]
Posted: 28.05.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан […]
Posted: 27.05.2019
Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2019 жылғы 24 мамырда ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ XVIII конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады. Жас ғалымдар мен мамандар жюридің қарастыруына 32 жұмыс тапсырды. Барлық баяндамалар […]
Posted: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Posted: 20.02.2019
«Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясы жыл сайын ядролық кәсіпорындардың жас мамандарына «Қазақстанның ядролық әлеуеті» семинарын ұйымдастырады. 2019 жылғы 18-19 ақпанда Алматы қаласында ҚР Атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп ардагерлерінің ІІ съезінің шеңберінде «Қазақстанның ядролық әлеуеті» Жастар семинары өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша жастар семинарына РҚЭИ филиалының қызметкерлері талдаудың ядролық-физикалық әдістері зертханасының инженері Топорова Анна мен ғылыми-техникалық ақпараттар […]
Posted: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]
Posted: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]