Posted: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]
Posted: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Posted: 28.02.2019
28 ақпанда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл толды. Осы тарихи жағдайға орай қаланың студенттері мен мектеп оқушыларына кітапханада «30 жыл үнсіздік. 30 лет тишины» Memorial Day (Еске алу күні) өткізілді. Іс-шарада аталған қозғалыстың пайда болуының негізгі себептері туралы, Семей полигоны туралы көп айтылды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Стрильчук […]
Posted: 21.07.2020
Соңғы бірнеше жыл ішінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері тритийдің қоршаған орта нысандарындағы әрекетін, оның ішінде OСT-нің, өсімдіктерде жинақталуын және қайта бөлу процестеріне зерттеу жүргізуде. Тәжірибелер әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарымен жасанды түрде жасалған оранжерея жағдайларында да, Семей сынақ полигонының (ССП) тритиймен ластануының табиғи жағдайларында да жүргізіледі. Техногенді тритий – бұл адам ағзасына […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 18.10.2022
2022 жылғы 12-14 қазан аралығында «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-да ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХІ жыл сайынғы конференция-конкурсы өтті. «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының конференция-конкурсына қолданбалы зерттеулер бағыты бойынша 5 жас ғалым қатысты: – Ермакова Рината Геннадьевна («Дегелең» алаңының су ағындарының түптік шөгінділерде техногендік радионуклидтердің тігінен таралуын зерттеу» тақырыбы); – Марченко […]
Posted: 07.12.2017
Филиал басшысы Сергей Лукашенконы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына өтуімен құттықтаймыз. Аталған жоба мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберіндегі, сонымен қатар, қоғамның көңілін замандастар тарихына аудартуға арналған бастамасы болған. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» жобасына өтінімдерді іріктеудің мақсаты мен басты критерийі егемен Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ең лайықты азаматтарды […]
Posted: 30.10.2024
2024 жылғы 23-24 қазан аралығында «Курчатов институты «Ұлттық зерттеу орталығының Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБУ-да Курчатов геномдық форумының алаңында «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» атты III Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференция аясында «Радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» секциясының жұмысы өткізілді, онда радиациялық факторлардың экожүйелер мен ауыл шаруашылығына әсерінің өзекті мәселелері, […]