IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 07 – 09 Қыркүйек 2021

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК:
    • «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты»
    • «Атом энергиясы институты»
    • «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалдарымен
  • «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ
  • «Ядролық физика институты» РМК
  • «Ядролық технологиялар паркі» АҚ
  • Қазақстанның физикалық қоғамы
  • «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға: Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы – ҚР ҰЯО РМК бас директоры Төрағаның орынбасары: Витюк В. А. – ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Березин С. А. – ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының жетекшісі Қаракөзов Б. К. – ЯФИ РМК бас директоры Борисенко А. Н. – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқармасының төрағасы Тәжібаева И. Л. – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы басқармасының төрағасы Локштанов С. С. – ҚР ҰЯО РМК бас инженері Бакланов В. В. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы директорының бірінші орынбасары Айдарханов А. О. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының директоры Михайлова Н. Н. – ҚР ҰЯО ГЗИ филиалы директорының орынбасары Мұқышева М.Қ. – Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР ҰЯО РМК бөлімшесінің директоры Ерыгина Л. А. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғалым хатшысы Ларионова Н. В. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ғалым хатшысы Утенкова Н. О. – ҚР ҰЯО РМК ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС

Ноғаев Н. А. (Қазақстан) Рахымов Қ. Б. (Қазақстан) Гарибов А. А. (Әзірбайжан) Драгунов Ю. Г. (Ресей) Дубасов Ю. В. (Ресей) Жантикин Т. М. (Қазақстан) Зайцев П. А. (Ресей) Ибраев Б. М. (Қазақстан) Кәдіржанов Қ. К. (Қазақстан) Қожамқұлов Т. А. (Қазақстан) Киевицкая А. И. (Беларусь) Рахими Ф. (Тәжікстан) Рамазанов Т. С. (Қазақстан) Спасский Н. Н. (Ресей) Тухватулин Ш. Т. (Ресей) Черепнин Ю. С. (Ресей) Шәріпов М. Б. (Қазақстан) Школьник В. С. (Қазақстан)
Юлдашев Б. С. (Өзбекстан) Akehashi K. (Japan) Bigot B. (ITER) Bolshinsky I. M. (USA) Florou H. (Greece) Usui H. (Japan) Hecker S. (USA) Hou X. (Denmark) Hulka J. (Czech Republic) Kodama T. (Japan) Мerola М. (France) Mykkeltveit S. (Norway) Mackey K. (USA) Proehl G. (Germany) Stohr P. (France) Salbu B. (Norway) Taiwo T. (USA) Wieleba W. (Poland)

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ

Конференция Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде өткізіледі. Конференция бағдарламасында Семей сынақ полигонының (ССП) «Тәжірибе алаңы» мен «Атом көлін», эксперименттік кешендерін (ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторлары, қазақстандық КТМ материалтану токамагы және т.б.), ССП тарихының мұражайын аралау көзделген. Конференция бетпе-бет қатысу арқылы немесе онлайн режимде өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ

Конференцияның жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болып табылады.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ

1. АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

  • Ядролық зерттеу қондырғылары
  • Атом энергетикасының қауіпсіздігі
  • Радиациялық материалтану және қатты дене физикасы, энергетиканың келешек функционалдық материалдары
  • ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу

2. БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

  • Басқарылатын термоядролық синтез қондырғылары
  • Плазмафизикалық зерттеулер
  • ТЯР-дың конструкциялық және функционалдық материалдары
  • БТС-тің физика-техникалық және инженерлік аспектілері

3. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

  • Бұрынғы Семей сынақ полигонының мәселелерін кешенді шешу
  • Радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелерге төнетін қауіп-қатерді бағалау
  • Бұрынғы сынақ полигондары мен басқа да радиациялық қауіпті объектілерді мониторингілеу
  • Техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау
  • Радиоэкологияның ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешудегі жаңа тәсілдер
  • Өнеркәсіп пен медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар

4. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ РЕЖИМІН НЫҒАЙТУ

  • Ядролық қару инфрақұрылымын және сынақтардың салдарын жою
  • Ядролық қаруды таратпау режимін қолдау және нығайту, жоғары байытылған уранды азаматтық секторда пайдалануды барынша азайту
  • Ядролық сынақтарды және олардың салдарын геофизикалық әдістермен мониторингілеу

БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

Баяндамалардың тезистері 2021 жылғы 5 тамызға дейін электронды түрде conf2021@nnc.kz e-mail-іне жіберілуі тиіс. Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері: үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм. Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы. Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады. Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

06 қыркүйек, дүйсенбі – конференцияға қатысушылардың келуі. 07 қыркүйек, сейсенбі – конференцияның ашылуы, отырыстар. 08 қыркүйек, сәрсенбі – отырыстар. 09 қыркүйек, бейсенбі – конференцияның жабылуы, техникалық турлар. 10 қыркүйек, жұма – конференцияға қатысушылардың кері қайтуы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Конференцияға қатысушылардың стандарт ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңгемен алғандағы 100 АҚШ долларын құрайды. Жарнаны 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның есеп айырысу шоттарына аударуға болады: қазақстандық теңгемен: 071100, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16 ЖСК KZ826017261000000005, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX АҚШ долларымен: JSC Halyk Bank 40, Al-Farabi ave., А26М3К5, Almaty, Kazakhstan Swift code: HSBKKZKX IBAN KZ216017261000000133 ресейлік рубльмен: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ216017261000000036 Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз. Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні төлеуге болады.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ

Конференцияға қатысуға өтінімhttps://sts2021.nnc.kz веб-сайты арқылы беріледі. Өтінім беру мерзімі 2021 жылғы 25 маусымға дейін.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР

20 ақпан 2021 ж. – онлайн-тіркеудің ашылуы 25 маусым 2021 ж. – өтінімдерді қабылдауды аяқтау 5 тамыз 2021 ж. – тезистерді қабылдауды аяқтау

КОНФЕРЕНЦИЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, 071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б Конференция хатшысы: Утенкова Наталья |тел. +7 (722-51) 3-48-08| e-mail: conf2021@nnc.kz