- Ғылыми-техникалық шешімдер және инновацияларды өндіріске енгізу.
- Модернизацияның инновациялық технологиялары мен өндірістерді қайта салу.
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік.
- Рециклинг технологиясы қалдықтарын қайта өңдеу.
- Энергия және ресурстарды сақтау.
- Басқару жүйелері мен ақпараттық технологиялар.
- Экономика, басқару және қаржы.
- Сапа менеджменті.
- Кадрлық саясат, кәсіпорынның HR-потенциалын басқару дамыту.
Өскеменде «Жастар. Ғылым. Инновациялар» III жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті
20.09.2019
2019 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының Көрмелік-ақпараттық орталығында «Жастар. Ғылым. Инновациялар» ІІІ Жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Инкай» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының түрлі кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары қатысты.
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан:
Зерттеу деректерін талдау тобының 1 санатты технигі Артамонов Юрий Евгеньевич «Аумақты жаяу гамма-спектрометриялық түсіру әдісімен радиациялық зерттеу» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты;
Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының маманы Каиржанов Амир Ерланович «Семей сынақ полигонының интерактивті картасы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты;
Спектрометриялық өлшеулер тобының 1 санатты технигі Марченко Олеся Олеговна «3Н ауамен түсуі кезінде персоналдарға және тұрғындарға түсетін дозалық жүктемеге оның үлесін анықтау» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты;
Төмен аялы үлгілерді зерттеу тобының 2-ші санатты технигі Шакенова Юлия Александровна «Топырақ сынамаларынан 210РО анықтау» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты;
Ядролық-физикалық талдау әдістері зертханасының бастығы Шатров Антон Николаевич «ҚР РҚҚСЭТ нормативтері мен қағидаларын және РҚХК ұсынымдарын қолдана отырып, персоналдың ішкі сәулелену дозаларын бағалау» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты;
Жапашева Жанна Ерсыновна –тәжірибелік зерттеу тобының 2 санатты инженері.
Сержанова Зарина Бейсембаевна – тәжірибелік зерттеу тобының 2 санатты инженері.
Скопченко Михаил Евгеньевич – радиациялық зерттеулер зертханасы дозиметрлік бақылау тобының бастығы.
Тоқтағанов Тоғжан Шалқарулы –су ортасының радиациялық жай-күйін зерттеу және мониторингілеу тобының 2 санатты технигі.
Конференция тақырыбы: