2019 жылдың 22-26 шілдесі аралығында азаматтық қорғаныс бойынша оқу өткізілді
29.07.2019
2019 жылғы 21-24 мамыр аралығында АҚШ МО URS/АУУ қолдауымен Үлбі металлургия зауыты негізінде АТЭХАГ әзірлеген сценарий бойынша командалық-штабтық оқытулар жүргізілді. Аталған іс-шараға АҚШ, Ресей және Қазақстан мамандары қатысты, «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Захаров Вадим Сергеевич қатысты.
Оқытулар ведомстволық бөлімшелер (Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі, Кеден қызметі, Шекаралық қызмет және т.б.) мамандары арасында жүргізілді. Әзірленген сценарийге сәйкес пікірталас барысында инцидент кезіндегі Қазақстанның өзін-өзі бағалауды жүргізуі үшін маңызды сұрақ-бағдарлар анықталды. Белгілі бір жағдайда шешімдер қабылдау процедуралары мен коммуникация арналарының тиімділігіне тексеру жүргізу үшін барлық іске қосылған ұйымдардың қатысуымен өзара әрекет ету сұлбалары әзірленген.
Сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Азаматтық қорғаныстың республикалық оқыту-әдістемелік орталығында» 2019 жылғы 22-26 шілде аралығында дайындық өтті. Дайындыққа Қазақстанның барлық облыстары түрлі ведомстволарының өкілдері қатысты. «ҚР ҰЯО» РМК «РҚЭИ» филиалын радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Александрович Иван Анатольевич ұсынды.
Дайындық бағдарламасына бейбіт және әскери уақыттағы эвакуациялық і-шараларды жүргізу, түрлі қауіптер туындағанда тұрғындарды қорғау бойынша дәрістік және практикалық сабақтар, сонымен қатар, төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша командалық-штабтық оқытулар енді.