Жарияланған: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Жарияланған: 10.06.2021
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында 2021 жылғы 7-18 маусым және 7-19 шілде аралығында бейнеконференция форматында «Радиоэкология және радиациялық қауіпсіздік саласындағы мәтіндерді жазбаша және ауызша дәйекті аудару әдістері» тақырыбы бойынша семинар жоспарланған. Оқудан оқыту-ақпараттандыру орталығындағы ғылыми-техникалық ақпарат бюросының 2 қызметкері Томилов Константин мен Ковтун Вадим өтеді. Оқыту бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды, […]
Жарияланған: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]
Жарияланған: 05.11.2019
Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Жарияланған: 05.09.2017
Ағымдағы жылдың 3 тамызында Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына келу бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан дамуының ілгерілемелі динамикасын айқындауды мақсат еткен масштабты телефильм дайындап жатқан «Эн Эйч Кей» NHK жапон телерадиокомпаниясының түсіру тобы келді. Жапон телекомпаниясының редакциясы фильмнің бір бөлігін Қазақстан және Жапония аумағындағы ядролық жарылыстардың қайғылы тарихына, екі елдің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы түйісу нүктелеріне […]
Жарияланған: 22.11.2017
2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық […]
Жарияланған: 04.03.2021
Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 07 – 09 Қыркүйек 2021 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК: «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» «Атом энергиясы институты» «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалдарымен «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ «Ядролық физика институты» РМК «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Қазақстанның физикалық […]
Жарияланған: 04.10.2019
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары өтті. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар «АЛЬЯНС-МEDICA» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (Өскемен қ.) қызметкерлері үшін, сонымен қатар, ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері үшін жүргізілді. Оқытудан жалпы 21 адам […]
Жарияланған: 02.10.2020
2020 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО жас ғалымдар мен мамандардың ХIХ жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурс өз жұмысын аяқтады. Осы жылы эпидемиологиялық ахуалға байланысты конкурс ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының базасында онлайн-конференция форматында жүргізілді. Конкурста ҚР ҰЯО РМК мамандары: РҚЭИ филиалы, АЭИ филиалы мен ҚР ГЗИ РМК және ҚР ЯФИ РМК кәсіпорындарының […]