Литвада радон карталарын әзірлеу бойынша жұмыс кеңесі өтті
12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты.
Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Новикова Ольга қатысты.
Кездесу щеңберінде тұрғын үйлерде, бала-бақшаларда және мектептерде радонды төмендету тәсілдері, сонымен қатар, қандайда бір жердің радонқауіптілігінің деңгейін бағалау үшін радон картасын әзірлеуге арналған Еуропада қолданылатын әдістер қарастырылды. Қорытындылай келе іс-шара бағдарламасына жаттығу полигонына жол жүру енгізілді, онда ұйымдастырушылар Литвада қолданылатын радонды өлшеуге арналған аспаптарды көрсетті, сонымен қатар, тәжірибелік сабақтар жүргізілді.