Жарияланған: 12.06.2017
2017 жылғы 29 мамырдан 2 маусымға дейін Литва, Вильнюс қаласында Физикалық ғылымдар мен технологиялар орталығы ұйымдастырған, ENVIRA 2017 қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі Халықаралық конференция өтті. Конференцияда жер (атмосфера, гидросфера, биосфера және т.б.) және теңіз (теңіз суы, биота, түптік шөгінділер және т.б.) орталары зерттеулеріндегі табиғи және антропогенді радионуклидтер мен изотоптарды қолдану туралы жаңа ғылыми білімдер ұсынылған. […]
Жарияланған: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Жарияланған: 04.02.2022
Қазақстан Республикасында жеңіл су реакторын енгізу үшін Адами ресурстарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2022 жылғы 02-28 ақпан аралығында Жапон атом энергетикалық компаниясы «Ядролық энергетика бойынша кіріспе курс» онлайн тренингін өткізеді. Тренингте Қазақстан Республикасының АЭС қажеттілігі, Қазақстандағы бастапқы/қайталама энергияның ағымдағы жағдайы, атом энергиясын көп мақсатты пайдалануға қатысты бірқатар елдердегі тәсілдер мен проблемалар, ядролық энергетиканың […]
Жарияланған: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Жарияланған: 05.09.2017
Ағымдағы жылдың 3 тамызында Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына келу бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан дамуының ілгерілемелі динамикасын айқындауды мақсат еткен масштабты телефильм дайындап жатқан «Эн Эйч Кей» NHK жапон телерадиокомпаниясының түсіру тобы келді. Жапон телекомпаниясының редакциясы фильмнің бір бөлігін Қазақстан және Жапония аумағындағы ядролық жарылыстардың қайғылы тарихына, екі елдің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы түйісу нүктелеріне […]
Жарияланған: 01.09.2022
2022 жылғы 24-26 тамызда Гүлістан қаласында (Тәжікстан, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, WiN Тәжікстан (women in Nuclear) ұлттық бөлімшесі ұйымдастырған «Ғылым, инновация және технологияны дамытудағы әйел ғалымдардың рөлі» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған Конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, […]
Жарияланған: 30.09.2019
2019 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін тойлады. Мерекені тойлау салтанатты жиналыстан басталды, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығы әртүрлі филиалдарының қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиналыстан кейін Курчатов қаласы Әкімдігімен бірге ҚР ҰЯО РМК алғашқы бас директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Батырбеков Ғадлет Әндиянұлының құрметіне мемориалды […]
Жарияланған: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]