Posted: 18.02.2020
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ЭМ Ядролық технологиялар паркі базасында ҚР ҚЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.Б. Кенжина мен Д.Б. Бияхметова ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, медицинада және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану аясындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты. Қазақ Ұлттық Өсімдік қорғау және […]
Posted: 24.08.2017
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2013 жылдан бастап «Радиоэкология жөніндегі Еуропалық Альянс» халықаралық қауымдастығының мүшесі болып саналады. Альянс қызметі радиоэкологиялық зерттеулер жүргізумен, білім берумен, халықты ағартумен, білімдерді басқарумен, Альянс елдерінің лайықты ұйымдарымен, сонымен қатар, ЕО мекемелерімен және басқа халықаралық ұйымдармен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия, Халықаралық […]
Posted: 11.12.2020
Пандемия мен карантин біліктілікті жоғарылатуға кедергі емес. 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында ядролық нысандарды пайдаланудан алып тастау жобалары саясатының, стратегиялары мен реттеудің және қоршаған ортаны қалпына келтірудің машықтарын оқыту бойынша АТЭХАГ-нің курсы өтуде. Оқыту Cisco Webex бұлтты платформасында жүргізіледі. Виртуалды кездесуге жақын және алыс шет елдердің 35-тен астам мамандары қатысады. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік […]
Posted: 05.06.2023
KAZ9018 «Қазақстанда ядролық және апатты жағдайларға дайындығы мен іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін биологиялық дозиметрияны дамыту» ТЫ (Техникалық ынтымақтастық) жобасының шеңберінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АТЭХАГ) миссиясы ретінде Радиациялық әсерлер департаментінің жетекшісі, Ұлыбританияның Қауіпсіздік жөніндегі агенттігінің сарапшысы Кристофер Бади 2023 жылғы 22 және 26 мамыр аралығында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының биодозиметриялық зерттеулер зертханасына келді. […]
Posted: 10.02.2020
2020 жылғы 03-07 ақпан аралығында Австриядағы Веналық халықаралық орталықта Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) штаб-пәтерінде «Изотоптық гидрология» аналитикалық зертханалары өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданушы әртүрлі 25 ұйымның өкілдері қатысты, олардың қатарында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері мониторингілік зерттеулер зертханасының бастығы М.Р. […]
Posted: 29.06.2023
КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК филиалдарымен: «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы «Атом энергиясы институты» филиалы «Геофизикалық зерттеу институты» филиалы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ядролық физика институты» РМК «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Қазақстанның физикалық қоғамы «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ Төраға: Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы – ҚР ҰЯО РМК […]
Posted: 14.06.2024
2024 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы қаласында Жапонияның атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) Ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институтының ғылыми – техникалық ынтымақтастығының 30 жылдығына ұштастырылған Steering Committee Meeting – SCM2024 Басқарушы комитетінің отырысы өтті. JAEA ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының делегациясын Yoshihiro Nakano директоры және Takehisa Ohkura […]
Posted: 03.02.2023
Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың […]