Posted: 03.11.2017
Сиднейде Ядролық ғылымдар және технологиялар жөніндегі Австралия ұйымында 23-27 қазан аралығында Азиядағы Ядролық серіктестік форумы шеңберінде (FNCA) «Ядролық және изотоптық технологияларды пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеу» кеңесі өтті, оған Қазақстаннан РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары – Асан Айдарханов қатысты. Аталған іс-шараға Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд елдері де қатысты. […]
Posted: 04.07.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиоэкологиялық және биогеохимиялық зерттеулер зертханасының бастығы Поливкина Елена Николаевнаны 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының «ғылыми атақ беру туралы» 19.06.2024 жылғы […]
Posted: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]
Posted: 01.09.2022
2022 жылғы 24-26 тамызда Гүлістан қаласында (Тәжікстан, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, WiN Тәжікстан (women in Nuclear) ұлттық бөлімшесі ұйымдастырған «Ғылым, инновация және технологияны дамытудағы әйел ғалымдардың рөлі» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған Конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, […]
Posted: 04.10.2022
2022 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде бетпе-бет өткізу режимінде «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» атты жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты — тыңдаушыларда радиациялық авариялық жағдайға уақтылы және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерді қалыптастыру, олардың дағдыларын жетілдіру және халықты […]
Posted: 21.09.2018
2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Ресей, Санкт-Петербург қаласында Ресей ғылымдар академиясы «Росатом» Мемлекеттік корпорациясымен және «В.Г. Хлопин атындағы радий институты» АҚ бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатысумен «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті. Радиохимия жөніндегі Ресей ғылыми конференциясы жетекші ресей ғылыми және технологиялық орталықтарында үш жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылғы іс-шара Ресей, Беларусь, […]
Posted: 17.02.2021
2021 жылдың 15-19 ақпаны аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында бейнеконференция форматында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары жүріп жатыр. Оқушылар тобына ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының, «DK Proekt» ЖШС мен «WHITE dent» ЖШС жұмыскерлері енеді. Барлығы 51 адам. Оқыту бағдарламасы ҚР радиациялық қауіпсіздікті […]