ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты
мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің аға
ғылыми қызметкері Сергей Борисович Субботинді 10500 – Биологиялық
ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент)
ғылыми атағын алуымен мақтанышпен құттықтайды. Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым және жоғары
білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 29.11.2024
жылғы №1136 тиісті бұйрығы сайтта жарияланған.
Сергей Борисович Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында
1995 жылдан бері жұмыс істейді. Ғылыми қызығушылықтарының негізгі
бағыты – геологиялық ортадағы ядролық сынақтардың салдарын зерттеу,
радионуклидтердің жерасты суларымен таралу механизмдерін зерттеу және
т.б. 100-ден астам ғылыми еңбектің бірлескен авторы.
Сергей Борисовичті осы лайықты атағымен құттықтаймыз! Алдағы
уақытта ғылыми және кәсіби қызметіне табыс, жаңа идеялар мен жетістіктер
тілейміз!