2019 жылғы 24 мамырда ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ XVIII конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.

Конференция ұйымдастырушылары

  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
2019 жылғы 24 мамырда ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ XVIII конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады. Жас ғалымдар мен мамандар жюридің қарастыруына 32 жұмыс тапсырды. Барлық баяндамалар тыңдағаннан кейін жюри хатшылығына дауыс берудің 8 рейтингтік бюллетені келіп түсті. Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылар балдарының саны келесі критерийлер бойынша есептелді:
  1. Жұмыс өзектілігі;
  2. тәжірибелік құндылығы (жұмыс арналған мәселе үшін маңыздылығы)
  3. ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңалығы;
  4. жұмыстың аяқталу деңгейі;
  5. конкурсанттың жеке үлесі;
  6. мазмұндау стилі мен материалды игеру деңгейі;
бағытының ерекшелігін есепке ала отырып:
  • іргелі – жариялану деңгейі;
  • инженерлік-техникалық – техникалық шешімін бағалау;
  • қолданбалы – бәсекеге қабілеттілік.
Конференция-конкурстың нәтижелері:: Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды: Кожахметов Ернат Абилхайырович – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «ИВГ.1М реакторының белсенді аймағының отындық элементтерін құрылымдылық талдау үшін Altami Studio бағдарламалық кешенін қолдану» жұмысы үшін- қолданбалы зерттеу. Екінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлықпен марапатталды:
  1.  Букина Ольга Сергеевна – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының құрылымдылық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері, «Метан плазмасының әсерінен кейін вольфрамның беткі қабатының фазалық құрамын анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу.
  2. Жапашева Жанна Ерсыновна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының инженері, «Семей сынақ полигонының су нысандарынан анықтау формалары бойынша 238U таралуын зерттеу»  жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу.
Үшінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлықпен марапатталды:
  1. Тоқтағанов Тоғжан Шалқарұлы  ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының георадиоэкологиялық зерттеулер тобының 2 санатты технигі, «Дегелең» алаңында судың қалыптасуы жағдайын изотоптық гидрология әдісімен зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу.
  2. Даулетханов Ерхат Даулетханулы – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының инженері, «ИГР реакторы отынының ТБУ және ЖБУ беріктік сипаттамаларына термоциклдеу процессінің әсері» жұмысы үшін -қолданбалы зерттеу.
  3. Кенесарина Айнур Оразовна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің эпидемиолог-маманы, «Адам қанының лимфоциттеріндегі хросомдық бұзылуларды цитокинезді (CBMN) бұғаттай отырып микроядролық тест әдісімен анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу.
Грамоталар және ақшалай ынталандыру сыйлықтары: Үздік рәсімделген жұмыс үшін марапатталады: Марченко Олеся Олеговна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының 1 санатты технигі,  –«3Н ауамен түскенде оның персонал мен тұрғындарға арналған дозалық жүктемеге үлесін анықтау» жұмысы үшін -қолданбалы зерттеу . Жұмыстың бірегейлігі үшін: Каиржанов Амир Ерланович – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының маманы, «Семей сынақ полигоны бойынша виртуалдық турларды әзірлеу» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеу. Үздік шешен Бочков Вадим Сергеевич – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының инженері, – «Түрлі изотоптық құрамды су буларындағы IG-110 реакторлық графиттің жоғары температуралық коррозиясы» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу Белсенді қатысушы Сержанова Зарина Бейсембаевна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының 2 санатты инженері, «ССП радиоактивті ластанған телімдеріне жақын табиғи экожүйелерде тритийдің қайта таралу параметрлерін бағалау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеу. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары да берілді.   ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы инстиуты» филиалынан  
  • Самарханов Куаныш Канатулы – «6Li(n,α)3Н ядролық реакциясы өнімдерімен қоздырылатын инертті газдар мен сілтілі металл буларының төмен температуралық плазмасының спектралды-люминесценттік сипаттамаларын зерттеу» жұмысындағы жаңалығының максималды мөлшері үшін марапатталды – іргелі зерттеу;
  • Медетбеков Берик Сакенович – «ИВГ.1М реакторының жылу тасымалдағышына тәжірибелік ССТК-ҒБУ твэлдерінен бөліну өнімдерінің шығуын бағалау» үздік тәжірибелік жұмысы үшін марапатталды – қолданбалы зерттеу;
  • Журкин Святослав Александрович –– «ИГР ЗР белсенді аймағының температурасын өлшеу жүйесін оңтайландыру» жұмысмен ҚР ҰЯО реакторлық қондырғыларын жетілдіруге қосқан үлесі үшін марапатталды – қолданбалы зерттеу;
  • Кайырды Гайния Кайырдыкызы – «Шоқты-плазмалық разрядты диагностикалау үшін бүйірлі зондты ашудың автотербелісті режімі» – сәтті дебют үшін марапатталды– қолданбалы зерттеу;
  • Сулейменов Нурболат Айдынович – «Тура нүктелі хлорлағышты қолдана отырып сәулеленген берилийді тазарту» үздік инновациялық жұмыс үшін марапатталды– инженерлік-техникалық зерттеу;
  • Скрипников Михаил Васильевич (РҚЭИ) – «Әскери радиоактивті заттектерге сынақ жүргізген орындарды іздеу және сәйкестендіру үшін жаяу гамма-спектрометриялық түсіру әдісін қолдану мүмкіндігі» – ҚР ҰЯО әдістемелік базасын жетілдіруге елеулі үлес қосқандығы үшін марапатталды- қолданбалы зерттеу;
  •  Марченко Игорь Олегович (ГЗИ) – «РАҚ тереңде сақтау үшін зерттеліп жатқан Қосшоқы теліміндегі көпжылдық гидрогеолоиялық мониторингілеу» – атом энергетикасының инфрақұрылымын зерттеуге қосқан үлесі үшін марапатталады – қолданбалы зерттеу;
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан
  • Сейнасинов Нурбек Асылбекович (ГЗИ) – «Мұрағаттық цифрлық сейсмограммаларда алынған мониторингілеу міндеттеріне арналған жаңа деректер» – халықаралық сейсмикалық қауіпсіздікті жоғарылатуға қосқан үлесі үшін марапатталды– қолданбалы зерттеу;
  • Жанболатов Олжас Муратбекович (АЭИ) – «Бөліну энергиясының уақытша таралуын есепке ала отырып ИГР реакторының нүктелі кинетикасын моделдеу» – ҚР ҰЯО әдістемелік базасын жетілдіруге елеулі қосқан үлесі үшін марапатталды– инженерлік-техникалық зерттеу;
  • Есильканов Гани Мухтарович  – «Семей сынақ полигонының жер асты суларының геоэкологиялық ерекшеліктері» – ғылыми зерттеулердің жоғары әлеуметтік маңызы үшін марапатталды– қолданбалы зерттеу;
  • Мамырбаева Айнур Солтанбековна – «Аумақтың радиациялық жағдайын бағалау үшін түптік шөгінділерді мерзімдеу әдісін пайдалану» – РҚЭИ филиалы зерттеулерінің экологиялық бағыттарын күшейткендігі үшін марапатталады– қолданбалы зерттеу;
  • Пономарева Татьяна Сергеевна  – «Радионуклидтердің моделді тәжірибе жағдайында Lactuca Sativa дақылымен радиоактивті ластанудың әртүрлі сипаттары бар топырақта жиналуы» – сәтті дебют үшін марапатталады– қолданбалы зерттеу;
  • Ким Владимир Сергеевич – «Жасанды радионуклидтердің тамыр жайылатын қабаттың терең ластануы жағдайында өсімдіктерде жинақталу ерекшеліктері» жұмысымен өзіндік зерттеуі үшін марапатталды– қолданбалы зерттеу;
  • Жас мамандарды дайындаудағы жоғары кәсіби деңгейі үшін (ғылыми жетекшілер номинациясында) марапатталады:
    • Айдарханова Альмира Курмановна;
    • Актаев Медет Рыскалиевич;
    • Кенжина Лаура Болатказыевна.
Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінен Кашикбаев Ержан Айытбаевич – «КТМ токамакта плазманың электрондық тығыздығын өлшеудің тәжірибелік нәтижесі» – термоядролық синтез қондырғысын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады– инженерлік-техникалық зерттеу.
  1. ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVIII конференция-конкурсының әрбір қатысушысына конференция-конкурс қатысушысы «Сертификаты» берілді.
  2. Представленные работы рекомендовано опубликовать в журнале Вестник НЯЦ РК после рассмотрения конкурсных работ редколлегией, и оформления статей в соответствии с требованиями журнала.- Редакция алқасы конкурстық жұмыстарды қарастырған соң және мақалаларды журнал талаптарына сәйкес рәсімдеген соң ұсынылған жұмыстарды ҚР ҰЯО Жаршысы журналына жариялауға ұсыныс жасалды.