Қырғызстан Республикасында қоршаған ортаның қоршаған ортаға әсерін бағалауға арналған тренинг өтті

2019 жылғы 19-23 тамыз аралығында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХАГ) «Уран өндіруден зардап шеккен аумақты қалпына келтіру жөніндегі кешенді бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруға арналған кадрлық әлеуетті құруды қолдау» техникалық бағдарламасы шеңберінде Қырғызстан Республикасының аумағында урандық мұраның радиоактивті – ластанған нысандарын пайдалану нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға радиоэкологиялық әсер етулерді бағалау жөнінде аймақтық оқыту курсын (тренинг) ұйымдастырды.

Тренинг Орталық Азияның радиоактивті – ластанған аумағын ремедиациялау және қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ, постреабилитациялық мониторингілеуді тиімді ұйымдастырудың теориялық негіздеріне арналған. Оқыту курсы дәрістік және тәжірибелік сабақтар форматында өтті, мұнда иондаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен тұрғындарды және қоршаған ортаны қорғау саясаты мен халықаралық реттеу саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, курс қатысушылары Каджи-Сай уран қалдық қоймасына барып, рекультивациялық жұмыстарды жүргізудің техникалық аспектілерімен танысты.

Тренингке Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Қазақстанның түрлі ведомстволық бөлімшелерінің, ғылыми-зерттеу институттарының және мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Аймақтық курстарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығын «Радиацтялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Артамонов Юрий Евгеньевич ұсынды.