Нұр-Сұлтан қаласында “Калибровкалау-тексеру сынақ зертханаларында белгісіздікті бағалау бойынша іс-тәжірибелік дағдылар” оқыту семинары өтті.

2019 жылғы 09-11 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі Республикалық Академия» ЖШС «Калибровкалау-тексеру сынақ зертханаларында белгісіздікті бағалау бойынша іс-тәжірибелік дағдылар» оқыту семинары өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан семинарға Марченко Олеся мен Күмісханова Салтанат қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулердің белгісіздігін бағалау, оның жіктелуі және сынақтардың алынған нәтижелерін өңдеу бойынша тапсырмаларды шешуге байланысты сұрақтар зерттелді. Барлық семинарларға қатысушылар алған білімдерін іс-тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында бекітті. Оқытуды мемлекеттік метрологиялық институттардың Еуро-Азиялық ынтымақтастығының (КООМЕТ) еңбек сіңірген метрологы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу және метрология жүйесінің сарапшы-аудиторы Донбаева Вера Алексеевна жүргізді.