Қалалық мәдениет үйінде «Семей сынақ полигонына экскурсия» ғылыми жобасы көрсетілді

2020 жылғы 31 қаңтарда қалалық мәдениет үйінде «Семей сынақ полигонына экскурсия» ғылыми жобасы көрсетілді. ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының қызметкерлері Семей сынақ полигонының (ССП) тарихына, ССП қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалына арналған ақпаратты ұсынды. Келушілер КСРО алғашқы жерүсті ядролық сынағы жүргізілген «Тәжірибе даласы» сынақ алаңының макетімен, сонымен қатар, жерасты сынақтары жүргізілген «Штольнялар» мен «Ұңғымалар» макеттерімен танысты. Қызығушылық танытқандар буклеттерді, кітаптар мен брошюраларды сыйлыққа алды.