Сакле қаласында радио тракерлер мен гамма-сканерлерді өнеркәсіпте қолдану туралы тренинг өтті

2019 жылғы 1-12 шілде аралығында Францияның Сакле қ. Ядролық ғылымдар және технологиялар ұлттық институтының негізінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өнеркәсіпте радиотрассерлер мен гамма-сканерлеуді қолдану жөнінде тренинг ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің бастығы Мустафина Евгения қатысты. Бағдарламаға радиациялық технологиялар жөніндегі Франция және Австрияның жетекші сарапшыларының дәрістік сабақтары мен гамма-сканерлеу жүргізу және радиотрассерлерді қолдану процедуралары бойынша тәжірибелік сабақтар енді. Өнеркәсіпте радиотрассерлер мен гамма-сканерлеуді қолданудағы, сонымен қатар, сумен жабдықтау және табиғи суқоймалары жүйелерін тексерудегі күрделі мәселелер талқыланды. Жалпы тренингке Хорватия, Эстония, Греция, Македония, Чехия, Венгрия, Малайзия, Польша, Румыния, Сербия, Словакия және Қазақстан өкілдері қатысты. Оқыту нәтижелері бойынша оқытылған материалдардан емтихандар тапсырылды. Емтиханнан сәтті өткен қатысушылар Радиация мен радиоактивті индикаторларды тәжірибелік қолдану жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың сертификатталған сарапшыларының тізіміне енгізілді.