Нұр-Сұлтан қаласында «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу сапасын қамтамасыз ету тобының бастығы Т.В. Коровикова қатысуда. Семинар тыңдаушыларға ұйымның қатерін анықтау, талдау және бағалау бойынша білім алуға, олардың туындау мүмкіндігін барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды, ұйымда қатерді басқару жүйесін құру және енгізуді үйренуге мүмкіндік береді. Семинар қатысушылары алынған білімдерін күнделікті тәжірибелік сабақтар барысында бекітеді.