Курчатов қаласының мәдениет үйінде «Юмор по делу» КТА-2020 ойыны өтті

2020 жылғы 7 ақпанда Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйінде ҰЯО филиалдары және қалалық ұйымдар арасында ҚР ҰЯО РМК Бас директорының кубогына арналған «Юмор по делу» КТА-2020 ойыны өтті. Ойынға «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы (РҚЭИ), «Атом энергиясы институты» филиалы (АЭИ), «Байкал» филиалы және 3514 әскери бөлімі қатысты. Ойынға қатысушылар үш сайыста өз өнерлерін көрсетті:
  1. Таныстыру
  2. Дыбыстау
  3. Үй тапсырмасы
  4. Сергітпе (сайыстан тыс)
КТА ойынының нәтижесі бойынша келесідей орындар берілді: 1-орын РҚЭИ филиалының «Radioactive» командасы 2-орын «Байкал» филиалының «Lego» командасы 3-орын АЭИ филиалының командасы 4-орын 3514 әскери бөлімінің «Ұлан» командасы Ойын нәтижесі бойынша «Байкал» филиалы командасының қатысушысы Байболова Диляра үздік ойыншы атанды.