Белградта «Мәдени мұра нысандарын рентген-визуализациялау технологиялары» тақырыбында тренингтер өтті

2019 жылғы 07-11 қазан аралығында Сербия Республикасында (Белград қ.) «Мәдени мұра Нысандарын Рентгенді Визуалдау Технологиялары» тақырыбы бойынша оқыту курстары өтті. Курсты Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік ынтымақтастығымен Белградтағы «Винчи» Ядролық зерттеулер институты ұйымдастырды. Күн тәртібінде визуалдаудың заманауи техникаларын, сонымен қатар, түрлі аспаптық әдістерді («үлдірлік» рентгенографияны, сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолдану) қолдана отырып, бұзбай бақылау (рентгенодифракциялық және рентгенофлуоресцентті талдаулар сияқты) техникаларын пайдалана отырып, түрлі елдердің мәдени мұраларын зерттеу және сақтау (реставрация, консервация және т.б.) қарастырылды. Сонымен қатар, осындай зерттеулердің метрологиясы мен стандартизациясы сұрақтары, сондай-ақ, технологиялық емес сипаттағы мәселелер тізбесі, оның ішінде, ғалым-физиктер мен мәдениеттанушы-реставраторлар арасындағы терминология және осындай визуалдау нәтижелері саласындағы өзара әрекеттесулердің күрделілігі қарастырылды. Оқыту курстары Албания, Әзербайжан, Болгария, Хорватия, Кипр, Венгрия, Ресей, Румыния, Мальта, Италия және басқ. сияқты әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен мамандарын жинады. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан іс-шараға Ядролық-физикалық талдаулар әдістері зертханасының инженері А.А. Харченко қатысты.