Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2019 жылғы 7-9 қазан аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК филиалынан конференция жұмысына Шатров А.Н., Кенжина Л.Б., Кривицкий П.Е., Тлеуканова Ж.Е., Актаев М.Р. қатысты. Энергия және ресурстарды сақтау, атомдық өнеркәсіпте цифрлық технологияны қолдану, сирек және сирек жер металдары мен жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің тиімді технологиялары мен ресурстары, уран минералды-шикізатты базасын кеңейту және нығайту мәселелері, сонымен қатар, оны жерасты сілтісіздендіру технологиясының тиімділігі мен қарқындылығын жоғарылатудың өзекті мәселелері конференция тақырыбы болды. Атом саласы қызмет етуінің құқықтық, макроэкономикалық және түзуші аспектілеріне, реакторға дейінгі ядролық-отын циклының технологиялары мен өзекті мәселелеріне жекелей көңіл бөлінді. Филиал қызметкерлерінің баяндамалары «Атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз қызмет етуі және техногенді қалдықтарды басқару» секциясы шеңберінде ұсынылды және су нысандары мен кен орындарын радиациялық мониторингілеу, ұзақ уақыт сақтау режімінде ЯОҚ бақылау әдістемелері, дозиметрияның биофизикалық және цитогенетикалық әдістемелері бойынша жұмыстар енді. Қоршаған ортаны қорғау және өндірістегі персоналдың қауіпсіздігі сияқты маңызды аспектілерді түсіну тиімді шешімдер жасауға, кәсіби сәулеленуді бақылауды жоғарылатуға, дозалық жүктемені мониторингілеуге, болашақ денсаулықты сақтауға ықпал етеді.