АТЭХАГ курстарына қатысу

АТЭХАГ техникалық ынтықмақтастығының бағдарламасы мемлекеттер-мүшелерге денсаулық сақтау және тамақтану, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен қоршаған орта, атом энергиясы саласында білім жинақтау, өнеркәсіптік қолдану және оларды басқару сияқты салалардағы дамудың аса маңызды міндеттерін шешуге көмек көрсететін білімдер мен технологияларды беруге негізгі механизм болып табылады. Аталған бағдарламалар мамандардың бүкіл әлемнің кәсіпорындары мен оқу орындарында тағылымдамадан өтулерін қарастырады. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері АТЭХАГ ұйымдастыратын түрлі курстарға қатысады. Бүгінгі күнде біздің жас мамандардың біршамасы түрлі тақырыптардағы семинарларға қатысқан және қатысуларын жалғастыруда. 2018 жылғы 5-16 қараша аралығында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкері Мустафина Евгения АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аймақтық жобасының шеңберінде «Ремедиация технологиялары: Рельеф түрлерін тұрақтандыру» курстарына қатысты. Курс Ресей, Обниск қаласында, Росатом Техникалық академиясының базасында өткізілді. Аталған оқу семинары оңалту бағдарламалары мен жобаларын басқару бойынша қатысушы елдер үшін ұлттық кадрларды дайындауға бағытталған болатын. Оқыту бағдарламасына Орта Азия және Қазақстан жағдайларындағы урандық мұрасы бар аумақты ремедиациялаудың жалпы сұрақтарын зерделеу, қалдық қоймаларын жабуды қалыптастыру және рельеф түрлерін тұрақтандырудың негізгі технологияларымен таныстыру енді. Барлық өткен материал тәжірибелік жұмыстармен бекітілді, олардың нәтижесінде Қызылорда облысындағы әрекет етуші уран өндіруші кәсіпорын үлгісінде төмен радиоактивті қалдықтар құрамы бар могильниктерді рекультивациялау жобасы әзірленген.