TEDx Semey

12 мамыр, сенбі күні, Семей қаласының Жастар сарайында TEDx Semey екінші лицензиялық конференциясы өтті. TEDx конференциялары «Таратуға лайықты идеялар» TED миссиясы аясында құрылған болатын. Аталған конференциялардың негізгі мақсаты – жергілікті қоғамдастықтарға, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге тәжірибелерімен TEDx форматында бөлісу мүмкіндігін беру.

Биылғы жылы конференция «Just do it!» үндеуімен өтті. Спикерлер арасынан ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиоэкологиялық зерттеулер зертханасының бастығы Байгазинов Жанат сөз сөйледі. Ол «Семей сынақ полигоны – ұлттық қасіреттен ұлттық мақтанышқа» атты сөзінде өзінің Семей полигонына көзқарасы туралы, ССП жас ғалымдарға және жалпы қазақстандықтарға қандай мүмкіндік беретіні туралы айтты.

Байғазинов Жанат, 2006 жылы ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне жұмысқа келген. 2016 жылы «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ диссертациялық кеңесі (Обнинск, РФ) базасында биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғаған болатын.

2006 жылдан бастап жауапты орындаушы ретінде және мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар мен халықаралық жобалар жұмыстарының ғылыми жетекшісі ретінде радиоэкологиялық зерттеулерге үнемі қатысады.

Жас ғалымның ғылыми қызметінің негізгі саласы – ауылшаруашылығы жануарлары мен құстардың радиобиологиясы мен радиоэкология; цитогенетика, эпидемиология және биодозиметрия.