Азиядағы Ядролық серіктестік форумы (FNCA) шеңберіндегі кеңес

Сиднейде Ядролық ғылымдар және технологиялар жөніндегі Австралия ұйымында 23-27 қазан аралығында Азиядағы Ядролық серіктестік форумы шеңберінде (FNCA) «Ядролық және изотоптық технологияларды пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеу» кеңесі өтті, оған Қазақстаннан РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары – Асан Айдарханов қатысты. Аталған іс-шараға Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд елдері де қатысты. Австралия бастамашылық жасаған аталған семинар климаттың ертеректегі өзгеруі жөніндегі жинақталған білімдер қоршаған ортадағы қазіргі болып жатқан және болашақтағы өзгерістерді бағалауға көмек беретінін тереңірек түсіну үшін Азиядағы Ядролық серіктестік форумының мүшелері-мемлекеттердің білімдері мен тәжірибелерін біріктірді. FNCA семинарындағы келелі мәселе: түптік шөгінділерде, маржандарда, ағаш сақиналарында, өзен арналарында, әктасты үңгірлерде және түбірлік таужыныстарында климаттың экологиялық өзгерістерін талдау үшін дәстүрлі аналитикалық және экологиялық әдістермен бір тіркесте ядролық және изотоптық әдістерді қолдану ғалымдарға бұрынғы климаттық факторлар мен процесстерді қалпына келтіруге, сонымен қатар, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы Жер климатының күрделі факторларын түсіну үшін тәжірибелік алмасуларды, бағалауларды және мүмкіндіктерді беруі.