NHK жапон телекомпаниясының түсіру тобы РҚЭИ келді

Ағымдағы жылдың 3 тамызында Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына келу бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан дамуының ілгерілемелі динамикасын айқындауды мақсат еткен масштабты телефильм дайындап жатқан «Эн Эйч Кей» NHK жапон телерадиокомпаниясының түсіру тобы келді. Жапон телекомпаниясының редакциясы фильмнің бір бөлігін Қазақстан және Жапония аумағындағы ядролық жарылыстардың қайғылы тарихына, екі елдің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы түйісу нүктелеріне арнауды жоспарлауда. Жарылыстар жүргізілген орындарды өз көздерімен көру, қажетті материалдарды жинау үшін жапон делегациясына «Тәжірибе даласы» алаңына және «фермерлік шаруашылыққа» шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Институт жүргізіп жатқан жұмыстармен және инженерлік-техникалық жабдықтаумен танысу үшін түсіру тобы 27 зертханалық корпуста болып қайтты.