2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Санкт-Петербург қаласында, Ресей, халықаралық қатысумен, «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті

2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Ресей, Санкт-Петербург қаласында Ресей ғылымдар академиясы «Росатом» Мемлекеттік корпорациясымен және «В.Г. Хлопин атындағы радий институты» АҚ бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатысумен «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті. Радиохимия жөніндегі Ресей ғылыми конференциясы жетекші ресей ғылыми және технологиялық орталықтарында үш жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылғы іс-шара Ресей, Беларусь, Қазақстан, Литва, АҚШ және Жапония елдерінен 300-ден аса қатысушы жинады. Конференция бағдарламасына 10 пленарлық, түйінді баяндамалары бар 14 ашушы секция және 120-ға жуық ауызша сөз сөйлеулер енген. Іс-шара ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша филиал қызметкерлері Айдарханова Альмира мен Зверева Ирина конференцияға қатысып, «Семей сынақ полигонының «Дегелең» бұрынғы сынақ алаңында техногенді радионуклидтердің жылыстауы» («Радионуклидтердің қоршаған ортадағы әрекеттері» бағыты бойынша) және «Семей сынақ полигоны үлгілеріндегі трансуранды элементтерді радиохимиялық талдау әдістемелерін жетілдіру» («Радиоаналитикалық химия» бағыты бойынша) тақырыптары бойынша ауызша баяндамалар ұсынды. Конференция ғалымдарға іргелі радиохимия, радиохимиялық технологиялар, радионуклидтерді бөлу әдістері салаларындағы жаңа жетістіктермен танысуға, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ конференция қатысушылары мен қонақтарына В.Г. Хлопин атындағы радий институтының мұражайы мен жерасты төменаялы радиохимиялық зертханасына экскурсия ұйымдастырылды.