Біліктілікті жоғарылату

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» алдынғы білімдерін тереңдету және кәсіпорынның бүкіл жұмысының сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін жаңа кәсіби білім мен дағдылар алу мақсатында өз қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылатып отырады.

2018 жылғы 13-23 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Росатом Техникалық академиясында «РЗ мен РАҚ мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесі» оқыту курсы өтті, оған Институт қызметкері – сынамаларды, иондаушы сәулелендіру көздерін және радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау тобының бастығы Динара Паницкая қатысты.

Институтқа келіп түскен барлық сынамаларды және иондаушы сәулелендіру көздерін қабылдау, сұрыптау, есепке алу және бақылау Д. Паницкая басқаратын топ жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Оқыту курсы тәжірибелік жұмыстарға толы болды, олардың барысында мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесі жөніндегі кәсіпорынның оперативті есептілігін дұрыс ресімдеу оқытылды. Мемлекеттік есептіліктің барлық түрлері қарастырылды. Біліктілікті жоғарылату курсының барысында алынған ақпараттың пайдалы екені сөзсіз және Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәулелендіру көздерін және радиоактивті заттектерді есепке алу және бақылау процедураларын жүргізудің сапасын жоғарылату үшін пайдаланылатын болады.