ҚР ҰЯО БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. Ұлттық ядролық орталығының басшылығы мен мамандары стипендиаттармен таратпау режімін қолдау, ядролық энергия мен технологияны бейбіт қолдану саласындағы қызмет сұрақтарын талқылады.