Жарияланған: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Жарияланған: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!
Жарияланған: 10.02.2020
2020 жылғы 7 ақпанда Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйінде ҰЯО филиалдары және қалалық ұйымдар арасында ҚР ҰЯО РМК Бас директорының кубогына арналған «Юмор по делу» КТА-2020 ойыны өтті. Ойынға «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы (РҚЭИ), «Атом энергиясы институты» филиалы (АЭИ), «Байкал» филиалы және 3514 әскери бөлімі қатысты. Ойынға қатысушылар үш сайыста өз өнерлерін көрсетті: […]
Жарияланған: 30.08.2023
2023 жылғы 28 тамызда Шәкәрім университетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Семей ядролық полигоны: ғылым және әлеумет» Халықаралық дөңгелек үстелін өткізді. Сондай-ақ министрлік, Абай облысы мен Семей қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ғалымдар, медициналық жұмыскерлер, өндіріс инженерлері және басқалар қатысты. Спикерлердің бірі ретінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан ҚР ҰЯО […]
Жарияланған: 10.11.2023
«Шығыс Қазақстанның тау-кен аудандарының геожүйелерін трансформациялау көрсеткіші ретінде шағын өзендерді экологиялық бағалау» AP19576259 ЖТН жобасын іске асыру шеңберінде МЭАЗБ элементтік талдау зертханасының инженерлері В.В. Колбин және Е.З. Шакенов 2023 жылғы 30 қазаннан 2023 жылғы 03 қарашаға дейін «Росатом техникалық академиясы» ҚКБ АКҰ-да (Обнинск қ., Ресей) өткен «Индуктивті байланысқан плазмамен масс-спектрометрия әдісін практикалық қолдану негіздері» біліктілікті […]
Жарияланған: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Жарияланған: 06.03.2020
2020 ж. 5 наурызда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының кітапханасында «Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметі ғылымның радиоэкология, радиохимия, радиобиология, топырақтану, қоршаған ортаны мониторингілеу және т.б. сияқты бағыттарымен тығыз байланысты. Көрмедегі басылымдарда ұйымды, аумақты радиациялық-гигиеналық төлқұжаттау және радиоэкологиялық мониторингілеу, түрлі аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай бойынша […]
Жарияланған: 01.09.2022
2022 жылғы 24-26 тамызда Гүлістан қаласында (Тәжікстан, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, WiN Тәжікстан (women in Nuclear) ұлттық бөлімшесі ұйымдастырған «Ғылым, инновация және технологияны дамытудағы әйел ғалымдардың рөлі» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған Конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, […]