«Радиохимия мен радиоэкологияның өзекті мәселелері» конференциясы

2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық талдау»; «Радионуклидтердің қоршаған ортадағы әрекеттері»; «Радиофармацевтикалық химия». ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалынан филиал директорының орынбасары Асан Айдарханов және филиал зертханасының бастығы Альмира Айдарханова қатысты. Біздің мамандар Семей сынақ полигонындағы радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелері бар 1 пленарлық, 1 секциялық және 6 постерлік баяндама ұсынды. Конференция ұйымдастырушылары ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өткен, РҚЭИ филиалының командасы радиоэкологиялық зерттеулер кешені үшін Дипломмен, сонымен қатар, филиал қызметкерлері Дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.