ССП деректер базасына авторлық құқық

ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, сонымен қатар, ССП кешенді зерттеулерді жүзеге асыру үшін аса әрекетті болғаны геоақпараттық жүйелерді қолдану болды. Демек, қызметкерлер зерттеулер нәтижелерін сақтау үшін Деректер базасын әзірлеген, онда іріктеліп алынған сынамалардың жалпы сипаттамалары туралы, сонымен қатар, олардың гамма-спектрометриялық, радиохимиялық, химиялық және басқа да талдауларының түрлері туралы бірегей ақпарат бар. Ол аумақтағы радиоэкологиялық жағдайдың ағымдағы ахуалын бағалауға мүмкіндік береді және мониторингілеу қызметтерінің бірқатарын атқарады. «Қазіргі уақытта деректер базасына 1997 жылдан 2018 жылға дейінгі жиналған ақпарат енген және деректер көлемі ұлғайып келеді. Құралған деректер базасы ССП аумағындағы радиоэкологиялық жағдайға мониторингілеу жүргізу үшін және бұрынғы Семей полигоны жерін халық шаруашылығы айналымына беру мүмкіндігін бағалау мақсатында оның аумағын ары қарай аймақтау үшін маңызды ақпараттық негіз болып табылады» – дейді ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков.