Егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті

2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік  және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.