10-шы халықаралық жасөспірімдер Пагуош конференциясы

2017 жылғы 23-24 тамыз аралығында Астанада «Әлемдік Ядролық тәртіп: Қауіпсіздіктің ауқымды және аймақтық мәселелері және серіктестік келешегі» 10-шы халықаралық студенттік/жасөспірімдер Пагуош (ISYP) конференциясы өтті. Халықаралық студенттік/жасөспірімдік Пагуош қозғалысы — бұл Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1995 жыл), Пагуош Ғалымдар Қозғалысымен қауымдастырылған тәуелсіз ұйым. Аталған конференция қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпаумен байланысты мәселелер мен сұрақтардың кең көлемін қамтыған. Конференция келесі тақырыптар бойынша сұрақтар жұмыс топтарымен қарастырылған сессияларға бөлінді: Қарусыздандыру саласындағы прогрессті өлшеу, Ядролық тежеудің келешегі, Жаңа технологиялар және этикалық мәселелер, Солтүстік Корея және Таяу Шығысқа байланысты қауіпсіздік мәселелері, Мемлекеттердің қарусыздандыру және таратпау саласындағы келешектері, Болашаққа көзқарас — халықаралық мекемелерге арналған сын-талқылар мен мүмкіндіктері. Аталған шараға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан жас ғалымдар – Антон Шатров, Жанат Байгазинов, Павел Кривицкий шақырылған болатын. Біздің мамандар Семей сынақ полигоны туралы: қазіргі ахуал және келешегі, сонымен қатар, таратпау және қауіпсіздік салаларында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар оқыды.