АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметінде ақпараттық-ағартушылық шаралар маңызды орын алады.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жұмысының негізгі бағыттарының бірі иондық сәулелену көздерін пайдалану кезіндегі радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарды оқыту болып табылады.
Оқыту нәтижесінде курс тыңдаушылары нормативтік, ұйымдастырушылық және техникалық негіздер саласында білім алып, практикалық дағдыларын шыңдайды.

- Толығырақ

Курстар

Аталған қызмет түріне Қазақстан Республикасының ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің №19014211 мемлекеттік лицензиясы бар. Оқыту нәтижесінде курс тыңдаушылары нормативтік, ұйымдастырушылық және техникалық негіздер саласында білім алып, дағдыларын шыңдайды.
Курс үш тақырыптық бағыт бойынша жүргізіледі:
1. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғау және қауіпсіздік»;
2. «Рентгендиагностикада радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;
3. «Ядролық немесе радиологиялық және апатты жағдайларға әрекет ету бойынша персоналды арнайы дайындау».

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ

Геоақпараттық технологиялар шеңберінде Институттың радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелері деректерінің жалпы базасын жүргізу, сондай-ақ олардың негізінде есептік материалдарды құрастыру және ары қарайғы жұмыстарды жоспарлау үшін картографиялық материалды қалыптастыру орындалады.
ГАЖ-технологиялар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және жүйелеу үшін бірыңғай ақпараттық модулді құру жүргізіледі. Нәтижелерді визуалдау және талдау ары қарайғы жұмыстарды (сұлбаларды, маршруттарды, кешенді карталарды құрастыру) жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алынған деректерді кешенді талдау зерттеп-қаралатын аумақтардың ластану сипатын және механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Радиологиялық зерттеулердің нәтижелерін көрнекі түсіндіру және талдау үшін қоршаған орта объектілерінің 3D моделін құрастыру орындалады.

ГАЖ-жобаларды әзірлеу

ГАЖ-жобаларды әзірлеудің негізгі мақсаты ГАЖ технологияларының негізінде бірыңғай ақпараттық модулді құру болып табылады. Ақпараттық модул далалық жұмыстар мен зертханалық талдауларды жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және жүйелеу үшін қызмет етеді. Нәтижелерді визуалдау және талдау ары қарайғы жұмыстарды (сұлбаларды, маршруттарды, кешенді карталарды құрастыру) жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алынған деректерді кешенді талдау зерттеп-қаралатын аумақтардың ластану сипатын және механизмін анықтауға мүмкіндік береді.

Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу

Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеудің негізгі мақсаты тұрғындар үшін қауіптілік төндіретін ықтимал радиациялық-қауіпті объектілерді анықтау болып табылады. Зерттеп-қаралатын аумақтарда техногенді объектілерді анықтау үшін дешифрлеу орындалады, ол өзіне ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу (елді мекендерді камералды дешифрлеу) мен елді мекендерді визуалды тексеруді (далалық дешифрлеу) қамтиды. Дешифрлеу аяқталған соң объектінің фотосуреті мен қысқаша сипаттамасы бар сәйкестендірілген объектілердің каталогы құрастырылады.

Қоршаған орта объектілерін 3D-моделдеу

Радиологиялық зерттеулердің деректерін талдау үшін қоршаған ортаның объектілерінің 3D-моделдерін құру орындалады. Аталған моделдер деректердің жоғары көрнекілігі мен түсіндірілуін қамтамасыз етеді, бұл зерттеліп жатқан ортаның ақпаратын аса толық беруге, сондай-ақ дәстүрлі екішамалы карталарды пайдалана отыра шешімі қол жетімсіз бірқатар қолданбалы міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде, ССП экологиялық ахуалын зерттеу үшін 3D-моделдер топырақта немесе су ортасында тереңдікте негізгі радионуклидтердің таралу сипатын бағалауға мүмкіндік береді.

Институттың радиологиялық зерттеулерінің деректер базасын жүргізу

Зертхана институттың радиологиялық зерттеулерінің деректер базасын әзірледі, ол база өзіне іріктелген сынамалардың жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты, сондай-ақ гамма-спектрометриялық, радиохимиялық, химиялық және басқа да талдау түрлерін қамтиды. Ол аумақтың радиоэкологиялық ахуалының ағымдағы жағдайын бағалауға, сол сияқты оның өзгеруі туралы да түсінік алуға мүмкіндік береді. Деректер базасы өзіне 1997 жылдан бастап жинақталған деректерді қамтиды, және қазіргі таңда ұлғаюын жалғастыруда.

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ БЮРОСЫ

Ғылыми-техникалық ақпарат бюросының (ҒТАБ) негізгі міндеттері:
•Тұрғындармен кездесу өткізу және бұрынғы Семей Сынақ Полигонына (ССП) іргелес, өздері тұратын аумақтардағы радиациялық жағдай туралы ақпаратпен таныстыру.
•ССП іргелес ауданда тұратын оқушылар мен студенттер үшін мұражайда әңгімелесулер ұйымдастыру және өткізу.
•Баспа қызметін жүзеге асыру.
•Конференцияларға, семинарларға, көрмелерге, жас ғалымдар конкурстарына қатысу, сонымен қатар халықаралық конференциялардың жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу.
•Институт мамандарын ҒЗЖ мен ТҚЖ қалыптастыру кезінде қажетті арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету.
•Анықтамалық-ақпараттық қорды жинақтау және әдістемелік көмек көрсету, институт қызметкерлеріне кітапханалық қызмет көрсету.
•Ғылыми-техникалық әдебиет пен құжаттаманы мемлекеттік және ағылшын тілдеріне аудару.

Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының кітапханасы

РҚЭИ кітапханасы Курчатов қ. ең ірі ғылыми кітапханасы болып табылады және институт қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар ҰЯО басқа да институттарының қызметкерлеріне, сондай-ақ іс-тәжірибеде жүрген Семей, Павлодар, Өскемен қ. студенттеріне де қызмет көрсетеді. Кітапхана қоры шамамен 50000 сақтау бірлігін құрайды және институтқа арналған бейіндік бағыттар бойынша ғылыми, анықтамалық әдебиеттері бар. Қазіргі уақытта кітап қорының бір бөлігі электронды формаға ауыстырылған

«Семей сынақ полигоны» экспозициялық залы

Ақпараттық-ағартушылық қызметті алға жылжыту үшін Институтта «Семей сынақ полигоны» экспозициялық залы ұйымдастырылған. ССП экспозициялық залы 1972 жылы 52605 әскери бөлімінің негізінде құрылған, бұл туралы жетекші кеңестік ғалым, алғашқы кеңестік ядролық бомбаны әзірлеуші Ю.Б. Харитонның пікірлер кітабындағы алғашқы жазбасы растайды.
Қазіргі уақытта экспозициялық залдың қорында шамамен 100-дей сақталынымдар (фотосуреттер, құжаттар, макеттер, жабдықтар) бар. Экспозициялық залды құру мақсаты тұрғындардың үлкен көлемін ағарту, ССП туралы ақпарат тарату болып табылады. ССП экспозициялық залы полигонның құрылу тарихымен және дамуымен; негізгі сынақ алаңдарымен; ядролық сынақтарын жүргізудің, ядролық жарылыстардың әсер етуші факторларының ерекшеліктерімен; Семей полигоны аумағындағы қазіргі радиациялық ахуалмен; сондай-ақ ұлы физик-экспериментатор И.В.Курчатовтың өмірі мен қызметімен танысуға мүмкіндік береді. Экспозициялық залдағы әңгімелесулер үш тілде жүргізіледі.

Семей сынақ полигонының интерактивті картасы

2016 жылы Семей сынақ полигонының экспозициялық залында жаңа экспонат «ССП интерактивті картасы» пайдалануға берілді. Интерактивті картада картографиялық материалдың үлкен көлемі жинақталған, оған мұрағаттық фото және бейне материалдар, мәтіндік ақпарат, радионуклидтердің таралу карталары, елді мекендердің панорамалық түсірілімдері, виртуалды 3D панорамалар ілесе жүреді. Интерактивті картаның өзекті деректермен үнемі толықтырылу мүмкіндігі бар; бірізді құрылымы әзірленген; интуитивті түсінікті интерфейс. Барлық ұсынылған картографиялық материал жерсеріктік түсірілімдердің заманауи бағдарламаларының көмегімен қалыптастырылған. Жұмыстың нәтижесінде 100 ғарыштық түсірілім өңделді, онда келесілер: 100-ден астам мұрағаттық фотосуреттер, 300-ден астам фото объектілер, 30 бейнефайл, 360º-тық 5 панорама, 100-ден астам беттік мәтін, шамамен 1000 белсенді нүкте ықшам орналасқан. Интерактивті карта өзіне РҚЭИ қызметкерлерінің зерттеулерінің нәтижесінде алынған шынайы тарихи және заманауи өзекті ақпаратты қамтиды. Интерактивті картаның көмегімен экспозициялық залға келушілерге ССП және ядролық державалардың өзге де полигондары туралы ақпарат ұсынылады.

Экспозициялық зал экспонаттарының негізіндегі жылжымалы көрме

ССП экспозициялық залындағы экспонаттардың бір бөлігі Қазақстанның әртүрлі елді мекендеріне жылжымалы көрмелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ қызметкерлері Семей сынақ полигонының тарихына, ССП заманауи радиоэкологиялық ахуалына арналған ақпараттық стендтерді, сондай-ақ КСРО-дағы алғашқы жерүсті ядролық сынақ жүргізілген «Тәжірибе даласы» сынақ алаңының макеті мен жерасты сынақтары жүргізілген «Штольнялар» және «Ұңғымалар» ұтқыр макетін ұсынады. Бұдан басқа көрмелерде «ССП бойынша виртуалды турлар» және ССП экспозициялық залына келушілер үшін ҒТАБ мамандары арнайы әзірлеген «Интерактивті карта» көрсетіледі.