Экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімі

Радионуклидтердің тағамдық тізбек бойынша жылыстау параметрлерін зерттеу

Радионуклидтердің қоршаған орта құрауыштарының арасында қайта таралу ерекшеліктерін зерттеу бөлімнің негізгі ғылыми бағыты болып табылады:

  • Радионуклидтердің топырақтың гранулометриялық фракциялары бойынша таралуын зерттеу.
  • Радионуклидтерді топырақтан анықтау формаларын (қозғалысы) зерттеу.
  • Топырақтың физика-химиялық қасиеттерін анықтау.
  • Техногенді радионуклидтердің топырақ-өсімдік жамылғысында кеңістіктік және вертикалды жылыстауының ерекшеліктерін зерттеу.
  • Радиоактивті ластанған аумақтан алынған мал шаруашылығы өнімдеріне радионуклидердің түсуін эксперименттік бағалау.
  • Радиоактивті ластанған аумақта өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімдеріне радионуклидтердің өтуін эксперименттік бағалау және бұл процесске әсер ететін факторларды оқып зерттеу.

Топырақты физика-химиялық талдаулардың түрлері:

  • органикалық заттектердің құрамын анықтау;
  • гранулометриялық және микроагрегаттық құрамды анықтау;
  • алмаспалы катиондар мен судаерігіш тұздардың құрамын анықтау;
  • ылғалдылықты анықтау;
  • қышқылдықты (рН) анықтау.

Қоршаған орта факторларының адамға және тірі табиғатқа әсерін бағалау

Бұл бағытта жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:

  • өсімдіктерді морфоанатомиялық зерттеулер;
  • өсімдіктерді цитогенетикалық зерттеулер;
  • жануарлардың сүйек кемігін цитогенетикалық зерттеулер;
  • адамдар мен жануарлардың шеткі қандарын цитогенетикалық зерттеулер;
  • дозалық жүктемелерді биодозиметриялық әдістермен қайта құру.

Цитогенетикалық дозиметрияның АТЭХАГ ұсынатын 3 әдісі игерілген – дицентрлік талдау, цитокинезді бұғаттай отырып микроядролық тест жүргізу және in situ флуоресцентті гибридтеу әдісі. аталған бағытта жұмыстар жүргізуге арналған заманауи жабдықтар бар, атап айтқанда, Metafer 4, Ikaros, Isis (MetaSystems, АҚШ) бағдарламалық қамтамасыз етулері бар, 8 препаратқа арналған MSearch метафазаларын автоматты іздеу жүйелері бар, Carl Zeizz электрондық микроскобының базасындағы автоматты цитогенетикалық жүйе (AxioImager N2 (2012 ж.), AxioImager Z2 (2016 ж.), Германия, түрлі модификациялары).

Аталған жабдық зерттеулер нәтижелерінің сапасын және қайта өндірілуін жоғарылатады, төменгі дозалар кезінде статистикалық дәлсіздікті төмендетеді және кариотиптеудің кертартпа процедуралары сияқты, CBMN, FISH, M-FISH әдістерін пайдалана отырып, жіті талдауларды орындау және өзектендіруге арналған өндіргіштігі жоғары аспап болып табылады. Бейнелерді цифрлаудан талдау жүргізудің жалпы уақыты бірнеше есеге қысқартылады, бұл адам мөлшері көп төтенше радиациялық жағдайларда тез арада ден қою кезінде маңызды болып табылады.