Элементтік талдау зертханасы

Элементтік талдау зертханасы 2018 жылы 12 қазанда «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МемСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.

Талдау әдістері:

  • масс-спектрометрия (ИСП-МС)
  • атомдық-эмиссиялық спектрометрия (ИСП-АЭС)
  • рентгенфлуоресцентті талдау (РФТ)

Байланыс:
Тел: (722-51) 3-33-33,
Факс: (722-51) 3-38-58
e-mail: irbe@nnc.kz

ХИМИКА-АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР:

  • Тау жыныстарын, кенді, олардың өңделген өнімдерін химиялық талдау
  • Жерасты, жербеткі, минералды, ауыз су және ағын суларды, тұздықтарды гидрохимиялық талдау. Ауыз суын талдау (ҚР СанҚжН сәйкестігі)
  • Топырақты, құмтопырақты және түптік шөгінділерді элементтік талдау
  • Өсімдіктерді және өсімдік шаруашылығы өнімдерін элементтік талдау
  • Ауа аэрозолдері сүзгілерін элементтік талдау
  • Урина сынамасын уран құрамына талдау

Мынадай химиялық элементтердің кең спектрін (40-тан аса) анықтау:

  • ауыр металлдар тобы V, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Ga, Ge, As, Mo, Cd, Sn, W, Tl, Pb, Bi;
  • макроэлементтер тобы K, Ca, Mg, Na;
  • платиналық топ элементтері: Ru, Rh, Pd, Os, Ir, Pt;
  • сирек жер элементтерінің тобы La, Ce, Pr, Nd, Sm, Eu, Gd, Tb, Dy, Ho, Er, Tm, Yb, Lu;
  • басқа микроэлементтер Li, Be, Al, Si, Sc, Ti;
  • таужынысқұрушы оксидтер: MgO, CaO, Na2O, Fe2O3, TiO2, K2O, P2O5, SiO2, Al2O3, MnO

Зертханада ҚР мемлекеттік тізіліміне енгізілген стандартты үлгілер, ерітінділер, өзектендірілген нормативтік құжаттар, ҚРСТ, МемСТ, ӨОӘ қолданылады.

Зертхана қызметінің сапасын растау үшін зертханаішілік бақылауға қосымша жүйелі түрде нәтижелердің зертханааралық салыстырулары жүргізіледі.

Элементтік талдау зертханасы өз қызметінің сапасын мониторингілеу үшін су, топырақ, түптік шөгінділер, құмтопырақ, ауа аэрозолдері мен уранның қатты бөлшектері сияқты нысандар бойынша зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізеді.

Зертханада 7 қызметкер жұмыс істейді: 2 PhD докторы, 3 аспирант, 2 магистр. Зертхана қызметкерлері жүйелі түрде жақын және алыс шетелдерде өз біліктіліктерін жоғарылатып отырады.

ЗЕРТХАНА ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ АСПАПТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН:

«Thermo Fisher Scientific» (АҚШ-Ұлыбритания) фирмасының индуктивті байланысқан плазмасы бар iCAP 6300 Duo атомдық-эмиссиялық спектрометрі

«Agilent Technologies» (АҚШ) фирмасының индуктивті байланысқан плазмасы бар Agilent –7700x масс- спектрометрі

«Perkin Elmer» (Канада) фирмасының индуктивті байланысқан плазмасы бар Elan 9000 масс- спектрометрі

«Bruker» (Германия) фирмасының S8 Tiger 4 K толқындисперсиялық рентгенфлуоресцентті спектрометрі

Элементтік талдау зертханасы қосымша жабдығының паркі

«Claisse» (Канада) фирмасының балқыту әдісімен қатты үлгілер сынамаларын дайындауға арналған LeNeo Fluxer аспабы

«Hermle Labortechnik» (Германия) өндірген сұйық жүйелерді жекелеген фазаларға бөлуге арналған Z383K рефрижераторлық әмбебап центрифугасы

«Columbia International» (АҚШ) фирмасының РФ талдау үшін қатты үлгілерден сығымдалған таблеткалар дайындауға арналған LPME-40T зертханалық гидравликалық баспағы

«Fritsch GmbH» (Германия) компаниясының тот баспайтын болаттан жасалған гарнитурасы бар сынамаларды майдалауға арналған Pulverisettte 9 дискілік дірілді диірмен

«Radwag» (Польша) өндірген ±0,0001 г рауалы дәлсіздігі бар аналитикалық таразы